Источник: nur.kz

kazakh.toy Instagram парақшасында өз тойында мылтық атқан күйеу жігіттің видеосы пайда болды. Желіге таралған аталмыш видеоны оқырмандар қызу талқыға салған деп жазады NUR.KZ.

Видеодан гелендвагеннің жанында тұрған қалыңдық пен күйеу жігітті көруге болады.

Жас отау иесі достарының қолпаштауымен қолындағы мылтықтан аспанға қарата үш рет оқ атқан.

Алайда бұл видео желі қолданушыларына ұнамай қалды.

"Өзгелерге еліктеп, осы қазақтың істемейтіні жоқ", "Оқ жаудырғаны несі?", "Ұят көрінеді екен", "Арзан понт дейді мұндайды".

"Көргенін істейтін қазақпыз ғой", "Осы да мақтаныш көретін іс па екен", "Біреу тойып секіреді. Біреу тоңып секіредінің кері келді ғой".

"Еліміздің қай өңірі болсын, қазақта мұндай салт жоқ. Бұл түріктерге еліктеушілік. Осылай мақтанамын дегенде, біреуді өлтіріп алсаңдар қайтесіңдер?".

"Жанында келіншегі тұр. Одан ұялмағасын", "Видеоға түсіріп тұрған жігіттер түгін қалдырмай балағаттап тастады ғой", — деп пікір білдірді желідегілер.

Айта кетейік, видеоның еліміздің қай өңірінде, қай уақытта түсірілгені белгісіз.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер кездеседі.