Источник: nur.kz

Атақты ағылшын футболшысы Дэвид Бекхэм Лондонның Бромли аудандық соты алдында жауап береді. Бұл туралы Life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Оқиға өткен жылдың 21 қарашасында Лондонның Оксфорд көшесінде орын алыпты.

Куәгер Bentley көлігінде телефонмен сөйлесіп бара жатқан футболшының заң бұзғанын полицияға хабарлаған.

Ағылшындық спортшы бұл оқиғаға байланысты ресми мәлімдеме жасамапты.

Бірақ сот процесінің басталғаны туралы хабарлама алған.

Егер Бекхэмнің кінәсі дәлелденсе, екі мың фунт көлемінде айыппұл салынады.

Футболшы жол ережесін қайтадан бұзса, 3 жылға көлік жүргізу құжатынан айырылады.