Источник: nur.kz

"Қалаулым" бағдарламасының қатысушысы тікелей эфир кезінде апта сайын жезөкшеге барып тұратынын жайып салды. Атышулы жобаға махаббатын табуға келген жігіттің бұл мәлімдемесі көпшілікке ұнамай қалған. Олар Ильясты аяусыз сынап тастады деп жазады NUR.KZ.

Атышулы "Қалаулым" қатысушысы аптасына бір рет міндетті түрде түнгі көбелектердің қызметіне жүгінетінін жасырмай айтты.

Жас жігіттің бұл қылығы көпшілікке жақпай қалып, жұрттың қаһарына ұшыраған.

"Сөздің шыны керек. Бәріміз еркекпіз. Еркектердің көбі ондай ұсыныстарға барып тұрады. Ол рас. Мен айтқаным рас, апта сайын жезөкшенің қызметін қолданамын" , — деген жоба қатысушысы.

Желі оқырмандары тарап кеткен видеоның астына керағар пікірлерін жаудырып, Ильясты сөгіп тастаған. Олардың басым көпшілігі жігіттің әрекетін ерсі деп бағалапты.

"Не масқара мынау деген?" , "Ұят. Басқа айтар сөзім де жоқ" , "Осы жігітті жобадан шығарып жіберсе екен", "Түк тәрбиелік мәні жоқ. Не деп тұрғанын өзі біледі ме?" , "Қазақ жігіттеріне не болып барады?" , — деп жазуда көпшілік.