Источник: nur.kz

Қытайдың Чэнду қаласында сегіз жастағы қыз бала пандаларды жақын қараймын деп, жануарлар тұрған торға түсіп кеткен деп жазады "Белновости" сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Үлкен пандалар бірден қызға қарай беттеген. Хайуанаттар бағына келген адамдар қатты шошып, айғайлай бастаған.

Хайуанаттар бағының қызметкері қыз баланы бамбук таяғының көмегімен құтқармақ болған. Дегенмен бұл әрекетінен түк шықпады.

Сондықтан ер адам еңкейіп, балақайды қолынан ұстап, тартып шығарған.

Ер адамның аяғын басқа келушілер ұстап тұрған.