Источник: nur.kz

Ташкентте Crafers кондитерлік фабрикасының жұмысшылары Конституция және Өзбекстан тарихынан сынақ тапсырды. Емтиханнан өтпегендері енді жұмыстан шығарылуы мүмкін деп жазады Centralasian.org.

Сынақ барысында әрбір жұмысшыға 15 сұрақтан қойылған, олардың көбі Конституцияға, Өзбекстан әнұраны мен туына қатысты болыпты.

"Әнұранды жатқа айтуымды сұрады. Қарапайым жұмысшыларды осындай сынақтан өткізе ме?" — дейді зауыт қызметкері.

Емтихан тапсырған 700 жұмысшының жартысын қысқартады екен. Яғни, сынақтан өткендері қалады, өте алмағандары жұмыстан шығарылады.

"Енді кондитер болу үшін тарих факультетінде оқу керек", — дейді бұған наразы болған бір қызметкер.

Фабрика өкілдері жұмысшыларды сынақтан өткізгенін растады, бірақ пікір білдіруден бас тартты.

Оставить комментарий

Вы должны авторизоваться для отправки комментария.