Источник: nur.kz

Элис Джейн Крейг есімді австралиялық ару жеті жасқа толғанда бір көзі көрмей қалған. Соған қарамастан, бүгінде 21 жастағы бойжеткен түрлі сұлулық байқауларына қатысып, "Әлем аруы, Австралия" байқауында бақ сынаған. Бұл туралы woman.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Instagram блогында Крейг өзін мектеп уақытында барлығы келеке еткенін, ал қазір ол өзін сүйетінін жазған.

Бойжеткен осыған дейін бір көзі көрмейтіндіктен ұялғанын, бүгінде соны өз ерекшелігіне балайтынын да жасырмапты.

Крейг өз кемшілігін қабылдай алмайтын қыздар үшін сәнқой болғысы келген. Ол өзін елден айшықтап тұратын ерекшеліктерді мақтан ету қажеттігін айтады.

Элистың көзі көрмеуіне өз себебі бар. Ол туғаннан бастап сол көзіндегі мәселелерге байланысты біршама ота жасату керек болған.

Алайда, содан қалған тыртықтардың көбеюі салдарынан ол бір көзінен айырылып қалыпты.