Источник: nur.kz

Отандық эстрада жұлдызы Сара Амангелді су жаңа темір тұлпар алғанын айтып, көпшіліккқуанышты жаңалыңын жеткізді. Бұл жаңалығымен әнші желіде бөліскен деп хабарлайды "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бүгінге дейін талай көлікті ауыстырған әнші көлікке кішкентайынан қызығады екен. Ол, тіпті, жеті жасында ағасының темір тұлпарын айдап кетіпті.

"Мен өзім көліктерге қатты қызығатынмын кішкентай кезімнен. Жеті жасымда ауылда ағамның машинасын оталдырып, бүкіл ауылды айналып келгенмін ғой. Сондай да оқиғаларым бар. Көрген кезде бәрі талып қала жаздаған", -деді әнші.

Сараға осы уақытқа дейін мұндай бағалы сыйлықтарды ата-анасы сыйлаған екен.