Источник: nur.kz

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімінің орынбасары Амангелді Құрманғазыұлы өзінің ем алып жатқанын айтты. Шенеунік өзін ауылдасы сабағанын да растап отыр. Оқиғаға қатысты полицияға арыз түсірген деп хабарлайды NUR.KZ.

"Бұл жеке басыма қатысты жағдай болған соң, артық ақпарат айта алмаймын. Қазір полицияға арыз түсірдім. Ол жұмыстан кейінгі болған жағдай еді. Қазір ауырып, емделіп жатырмын", — деді Шалқар ауданы әкімінің орынбасары Амангелді Құрманғазыұлы.

Ауылда әкімнің орынбасары мен ауыл тұрғынына қатысты әртүрлі қауесет тарап кеткен. Шенеуніктің таяқ жегенін әркім сан-саққа жүгіртіп жүр.

"Мен оның әйеліне барған жоқпын. Бұл жағдайдың терең тарихы бар",-деп қысқа қайырған шенді даудың неден шыққанын ашып айтпады.