Источник: nur.kz

Үш ұлы бар Ақбота Керімбекова бүгін келін түсірді. Ұлының қуанышымен бөліскен әнші бүгін құдалық болып жатқанын айтты деп жазады NUR.KZ.

Әншінің келінінің есімі Әйгерім.

Видеодан Ақбота Керімбекованың келініне сырға салып жатқанын көруге болады.

"Аллаға сансыз шүкірлер болсын! Келінді болып, отбасымыз қуанышқа толып жатыр. "Ұл қыздарымыз бақытты болсын" деп тілеймін. Бүгінгі құдалық жақсы өтіп жатыр", — деп жазды өнер иесі Instagram парақшасында.

Айта кетейік, желі қолданушылары мен әншінің әріптестері Ақбота Керімбекованы жарыса құттықтап, ақ тілектерін жаудыруда.

"Құтты болсын", "Енді аяқ-қолыңызды жылы суға алып отырады екенсіз ғой", "Келіннің аяғы құтты болсын", "Жастар бақытты болсын", "Сіз үшін қуаныштымыз", "Екі жас мәңгі бақытты болсын", "Енді немерелі болуды нәсіп етсін" деп жазды желідегілер.