Источник:
Түс ежелден бері адамзатты қызықтыратын құбылыс. Кейде адам өміріндегі өзгерістер түс арқылы аян болып беріліп жатады. Tuszhoru.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ түсіңізде жүкті екендігіңізді көргенде қалай жору керегін назарыңызға ұсынады.
Түсіңізде жүкті екеніңізді көрсеңіз, бұл жақын арада өміріңізде өзгерістер болатынын білдіреді.
Егер түсіңізде босанған болсаңыз, сізді қуанышты хабар мен алда шынымен құрсақ көтеру мүмкіндігі күтеді.
Ал тұрмысқа шықпаған бойжеткен осындай түс көретін болса, ол арын сақтап, беделін түсірмейтін әрекеттер жасау керек екенін білдіреді.
Алайда түсіңізде басқа әйелдің жүкті екенін көрсеңіз, бұл өміріңізде бақталас пайда болғанынан ескертеді. Ал осындай түсті ер адам көрсе, біреудің оған қастық ойлап жатыр деген сөз.
Сонымен қатар таныс әйел түсіңізге кірсе, бұл түс көп ұзамай біреумен ренжісетініңізден хабар береді.