Источник: nur.kz

Өзбекстанның Әндіжан қаласындағы хайуанаттар бағында торға кірген бақылаушыны арыстан талап тастаған. Бұл туралы ca-news.org сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Оқиға 28 желтоқсанда орын алған, бірақ бұл туралы ақпарат екінші қаңтарда ғана белгілі болды.

Хайуанаттар бағының қызметкері арыстанның торына оны тамақтандыру үшін кірген.

"Ер адам торға тамағын алып кірген кезде арыстан бақылаушыға тап берген. Ол ер адамды талап, жұлмалап тастапты. Жыртқыш аң аш болған деген болжам бар", – деді Әндіжан хайуанаттар бағының қызметкері.

Әндіжан қаласының Ішкі істер қызметінің кезекші қызметкері бұл фактіні растады, бірақ қандай да бір ақпарат беруден бас тартты.

    Әндіжан хайуанаттар бағы Ташкенттен кейін екінші орында тұр. Ол 2016 жылы ашылған. Хайуанаттар бағында 50-ден аса жануарлар түрі бар.