Источник: nur.kz

Украина Жоғарғы радасының депутаты Игорь Мосийчук пен саясаттану ғылымының докторы Александр Семченко NewsOne телеарнасының тікелей эфирінде төбелесіп қалды деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мосийчук Cемченконы ресейлік насихатшы деп атаған. Ал Семченко "есі ауысқан адам психиатрға бару керек" жауап қайырған. Осыдан соң бір-бірін түсіне алмаған қос тарап, төбелесуді бастаған.

Видеодан Мосийчуктың таяқпен шабуыл жасағанын байқауға болады.

Семченко болса депутаттың мойнынан тартып құлатқан. Бағдарлама жүргізушісі қос тарапты сабырға шақырып, ажыратуға тырысқан.

Төбелес басылған соң, жүргізуші Семченкодан түсірілім алаңынан шығып кетуін өтінген. Семченко болса кішкене уақыттан соң студиядан шығып кеткен. Ал Мосийчук артынан қуып барып, арқасынан таяқпен ұрып үлгерген.