Источник: nur.kz

Қазақта нәрестені бесікке салар алдын "Тыштырма" дәстүрі орындалады. Әр шаңырақта осы салтты орындап болған соң, "бесікке салуға" жиналған кішкентай балалар шашылған тәттіні жарыса теріп алады деп жазады NUR.KZ.

Сонымен "Тыштырма" орындалар сәтте бесіктің түбегі тұратын тесіктен құрт, ірімшік, тәттілер, жұмсақ тоқаштар өткізеді. Осыдан соң беделді үлкен әжелер мен апалар ырымын жасап, "Тышты ма?" деп қасындағыларға сұрақ қойып ырымдайды.

Ал оған отырғандар жауап қатып, "тышты, тышты" деп ырым жасайды. Осыны қазақта "Тыштырма" дейді.

Тыштырманы әйелдер ырымдап болған соң, бала-шағалырына үлестіріп береді. Сондай-ақ "тыштырманы" перзент сүймеген келіншектерге жұғысты болсын деп таратып берген.

Бұл ырым дүние есігін ашқан сәбидің болашақта өмірі мәнді әрі дәулетті болсын деген тілектестіктен де туындаған.

Айта кетейік, бұл салт-дәстүр Қазақстанның әр өңірінде әртүрлі аталады.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін қазақ әйелдерінің ұл бала туу үшін жасайтын ырымдары жайлы айтқан болатынбыз.