Источник: nur.kz

Тойына 3 мың доллар алып келуге қиналған достарына ашуланған қалыңдық Facebook желісінде оларға ренішін жеткізді. Бойжеткен өзінің ерекше күнін Таиландта атап өткісі келген деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Достарымыз бен туыстарымызды Таиландта өтетін үйлену тойымызға шақырып едік, 150 адамның ішінен тоғызы ғана жауап берді. Түсінемін, 3 мың доллар олардың қалтасына ауырлық салуы мүмкін, бірақ мен сіздер үшін төлей алар едім", — деп жазған қалыңдық.

Салтанатты рәсім жоспар бойынша Таиландта өтуі тиіс болған. Алайда қонақтар ондай ақша төлеуге келіспегендіктен, тойды АҚШ-қа жақындау Гавайи аралында өткізуді ұйғарыпты.

"Біз қонақтарды ойлап, тойды жақындау жерге ұйымдастырдық. Бірақ нәтижесінде тағы да екі адам келе алмайтынын айтты. Сонда біздің қуанышымызды бөлісу үшін небәрі 2 мың долларды үнемдей алмайсыздар ма?", — деп ашуланған бойжеткен.

Осылайша достарына әбден ренжіген ару жазба соңында қуанышты күнін ешкіммен бөліспей-ақ, күйеуімен бірге қашып кететінін жеткізген.

"Біздің шақыруымызға жауап беруге үш күндеріңіз бар. Болмаса сіздерді достар тізімінен өшіріп, жолдарымыз екіге айырылады. Тек арзан достар кетеді. Ант етейін, менің достарым ең мықты деп ойлайтын едім", — деп сөзін қорытындылаған ол.

Жазбаны көрген желі қолданушылары күйеу жігітке мұндай қалыңдықтан қашу керек деген кеңес берді.