Источник: nur.kz

HBO, ESPN, Fox және Showtime арналары үшін жұмыс істейтін америкалық комментатор Боб Шеридан Геннадий Головкин карьерасын аяқтаған соң қазақстандық боксшыларды не күтіп тұрғаны жайлы болжамымен бөлісті. Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Боб Шериданнің сөзінше, қазақстандық боксшылардың басты ерекшелігі олар шоу көрсете алады және тек өз кұшіне сенеді.

"Көбі Головкин қартайды деп ойлайды. Адам жасынан қаша алмайды. Бірақ ол бокс әлеміне Қазақстанды ашып берді. Қазір әлемнің салмақты промоутерлері сіздердің жігітерді бақылап отырады. Мен көрген барлық қазақстандықтар шоу көрсетеді. Бұл Қазақстан боксшыларының басты ерекшелігі. Олар тек өз күшіне сенеді деген  комментатор Қанат Исламның ТОП деңгейге шыға алмағаны өкініш білдірді. Бір жағынан сіздерде Олимпиада чемпионы — Данияр Елеусінов бар. Ол ең мықтыларды ғана іріктейтін Эдди Хирннің қарамағында. Канадада қазақстандық жігіттер көруге ареналар лық толады. Қазір түрлі боксшылар көбейіп келеді, бұл көрермен қызығушылығын оятуда. Сіздерде жігіттер мықты. Олар Головкиннің жолын жалғастыра алады", — дейді Шеридан. 

Есек сала кетейік,  Головкин кәсіпқой бокстағы карьерасын 2006 жылы бастады. 12 жылда ол орта салмақтың WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпионы болды.  Гиннес рекордтар кітабына енді және P4P рейтингінің басында жүрді. Алайда Сауль "Канело" Альвареспен (50-1-2, 34 КО) соңғы жекпе-жегінде жеңіліп, барлық белбеуінен айырылды.