Источник: nur.kz

Түркияның Стамбул қаласында "Фенербахче" клубының жанкүйерлері Ресейлік "Зениттің" қолдаушылары отырған автобусқа пышақпен шабуыл жасаған. Бұл туралы Life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Оқиға Еуропа лигасы аясындағы қос құраманың ойыны басталуына бірнеше сағат қалғанда орын алған.

Жергілікті жанкүйерлер автобусқа пышақ, темір-терсекпен шабуылдаған.

Ресейліктер есікті уақытында жауып, оқиға орнынан қашып үлгеріпті.

Нәтижесінде автобустың терезелері сынып, бірнеше адам дене жарақатын алған.

Айта кетейік, Еуропа лигасының 1/16 финалы барысында өткен бірінші кездесуде "Фенербахче" клубы Санк-Петербургтық "Зенитті" 1:0 есебімен ұтты.