Источник: nur.kz

9 желтоқсан күні Суданда жергілікті шенеуніктер мінген тікұшақ апатқа ұшырады деп хабарлайды Reuters агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Апат салдарынан кем дегенде жеті адам қаза тапқан.

Лауазымды тұлғалар өңірдің қауіпсіздігін тексеруге шығыпты.

"Жексенбі күні Аль-Кадариф штатында орын алған тікұшақ апатынан жергілікті басқару органдарының жеті қызметкері қайтыс болды", — деп жазады әлемдік БАҚ.

Қаза тапқандар арасында штат губернаторы мен қауіпсіздік қызметінің үш қызметкері бар екен. Сонымен бірге, бірнеше адам жарақат алғаны анықталды.

Апаттың неден болғаны тексеріліп жатыр.

Оставить комментарий

Вы должны авторизоваться для отправки комментария.