Источник: nur.kz

Екінші сәбиін босанғаннан кейін 108 келіден 77 келіге дейін арықтаған Гүлнар Қапалбаева өзінің жан сырымен бөлісті. "Өз ойым" бағдарламасына келген келіншек артық салмақтан қалай арылғанын айтып берді деп жазады NUR.KZ.

Екінші сәбиіне жүкті уақытында Гүлнар 20-25 келі салмақ қосып алғанын жасырмады.

"Мен тұрмысқа шыққан уақытта да 80 келі болатынмын. Бірінші сәбиімде көп салмақ жинамадым. Ал екінші сәбиімде 20 келіден артық салмақ қосып алдым. Емізіп жүргенде диета ұстай алмайсың. Арықтайын десең, үйдегілер ұрысады", — деген келіншек артық салмақтан арылуды қалай бастағанын айтты.

"Шыны керек, толық кезде киім таба алмайсың. Сатушы қыздар "Сізге лайық киім жоқ" деп шығарып салады. Бір күні өзім жылап отырып, шешім қабылдадым. Менің де көйлек кигім келді. Үнемі үлкен шалбар киіп жүретін едім. Оның үстіне айналамда араласатын қыз-келіншектердің барлығынан үлкен болатынмын", — деді Гүлнар Қапалбаева.

Сондай-ақ келіншек ешқандай диетологтардың көмегіне жүгінбей, 20 келі салмақты өз білгенімен арықтаған мәлім етті. Алайда артық салмақтың белгілі бөлігі кеткеннен кейін, Гүлнардың салмағы өзгеріссіз қалған.

"Шешім қабылдағаннан кейін, диета ұстауға кірістім. Нан жемей, сүт өнімдерін қолдандым. Баладан босай алмайтын болғасын, үйде жаттығу жасай бастадым. Аузымды тыйсам, арықтай алатынымды түсіндім. Содан бір жыл өткенде, салмағым өзгеріссіз қалды. Сосын интернет арқылы арықтауға арналған марафон тауып алдым", — деген келіншек әлі де он келі салмақ тастағысы келетінін айтты.

Тут

Фотографии и примеры ремонта и оформления потолков

kia-hyundai-remont.ru

http://pro72tv.ru

стенды информационные скачать

pro72tv.ru

Оставить комментарий

Вы должны авторизоваться для отправки комментария.