Источник: nur.kz

Мадина Сәдуақасова өзінің Instagram парақшасындағы жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды. Өзінде белгілі бір өзгеріс орын алғанын мәлімдеген әншіні көпшілік пластикалық ота жасатты деп болжады деп жазады NUR.KZ.

Желі оқырмандары шоу-бизнес жұлдызының бет-әлпеті өзгеріп кеткенін алға тартып, оны пластикалық опрециядан өтті деп ойлаған. Алайда, бет-әлпетінің нақты қай жеріне ота жасалғанына қатысты желідегілердің ойы бір жерден шықпады. Оған қатысты, олар түрлі пікір білдірген.

"Блефаропластика жасатқан сияқтанып тұр" , "бұрын қабағы жабылып тұратын еді, блефаропластикадан соң көзі ашылған екен" , "көзінің үстін алдырған" , "ернін үлкейткен ғой деймін", "мүмкін мүлде жүкті шығар" , "бетіңіздің томпақтығы жоғалған.Жарасады екен" , "шаш жалғап алған. Қып-қысқа еді ғой" , "беті кәдімгідей өзгеріп кеткен, бірнеше ота жасатқан көрінеді" , — деп жазуда көпшілік.

Естеріңізге сала кетейік, Мадина Сәдуақасованың әндерін біздің "Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар.