Источник: nur.kz

Instagram желісіндегі танымал пабликтердің бірі — Svadba_kaz парақшасында жас жігіттің ғашығына ұсыныс жасаған видеосы пайда болды деп жазады NUR.KZ.

Сүйіктісінің бұл сәтке айрықша дайындалғанын көрген бойжеткен абдырап қалса да, көп ойланбай өз келісімін береді.

Ал видеоны көрген желі қолданушылары қос ғашыққа бақыт тілеп, қызығып қалғандарын жасырмады.

"Керемет", "Бақытты болсын", "Бізге де осылай ұсыныс жасаса ғой", "Жастар бақытты болсын";

"Қарап отырып, қызығып кеттім ғой", "Неткен керемет", "Жігіттің дайындалғаны көріп тұр", "Мынадай сүйгені бар бойжеткен бақытты шығар" деп желідегілер жарыса жазды.

Естеріңізге сала кетейік, видеоның қайда түсірілгені белгісіз.