Источник: nur.kz

Халық әртісі Роза Рымбаева "Шыны керек" бағдарламасында Мейрамбек Бесбаевтың даусы жоқ екенін ашып айтты деп жазады NUR.KZ.

Бағдарлама жүргізушісі Тимур Балымбетов Роза Қуанышқызынан: "Бүгінде Роза Рымбаева қандай әншілерді тыңдайды? Әсіресе қазақ әншілерінің арасынан бүгінде кімді тыңдайсыз?", — деп сұраған.

Ал Роза Рымбаева қазақ әншілерінің бірнешеуін атай келе, Мейрамбек Бесбаевқа да тоқтала кеткен.

"Мен көп әншілерді тыңдаймын. Әміренің лирикалық әндері, музыкалық талғамы ұнайды. Бауыржан Исаевты тыңдаймын. Маған әсіресе ұлттық әндерді орындайтын Айгүл Елшібаева, Айгүл Қосанованы тыңдаймын. Ақбота Керімбекова мен Алмас Кішкенбаевтың әндерін де ұнатамын", — деді халық әртісі.

"Мейрамбек Бесбаевтың даусы жоғына қарамастан, оның әндерін жақсы көремін. Оны барлық қазақ жақсы көреді. Оның диапазоны үшін емес, оның жан дүниесі үшін, ән таңдаудағы талғамы үшін ұнатамын. Міне даусы 3-4 октавалық вокалистерден бөлек, атай алатын әншілерім осылар", — деді Роза Рымбаева.

Естеріңізге сала кетейік, Роза Рымбаева мен Мейрамбек Бесбаевтың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.