Источник: nur.kz

Алғашқы неке түні пәктік пердесі шықпай қалған ару өз сырымен бөлісті. Тұрмысқа шыққанша, ер адаммен жақындасып көрмеген бойжеткен ары таза екенін дәлелдей алмай жүр деп жазады "Құпия әңгіме" парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Жақында тұрмысқа шыққан едім. Оған дейін жігітпен жақын қатынаста болмағанмын. Алғашқы адамым — күйеуім болды. Неке түнінде ол өз міндетін атқарып болған соң, қиналып жатқан мені бір тепті. "Өтірік қыз секілді болмашы" деді де, теріс қарап жатып қалды.

Алайда мен ештеңе түсінбедім. Өйткені, қатты ауырсынып жаттым. Ал таңертең тұрсам, төсек тап-таза. Ешқандай пәктік белгісі жоқ. Күйеуім түгілі, өзіме-өзім сенбедім. Осылай отырып жылап жібердім", — дейді өткенін еске алған келіншек.

Өзінің адалдығына күйеуін сендіре алмаған келіншектің ойы сан-саққа кетіп, басы қатқан. Ол жұбайының өзінен біржола суып кеткенін жасырмады.

"Осы жағдайдан кейін күйеуім маған қарауды қойды. Ыңғайы келсе менімен сөйлеспеуге тырысады. Ал түнде мүлде жоламайды. Теріс қарайды да, ұйықтап қалады. Уақыт өте келе мен күйеуімен тізерлеп отырып кешірім сұрадым. Оған өзінен басқа ешкіммен төсектес болмағанымды, адал күйімде тұрмысқа шыққанымды айтты. Бірақ ол маған сенбеді. Той өтіп кеткендіктен, "жұрттан ұят болмасын" деп жүрген секілді", — дейді кейіпкер.

Айта кетейік, гинеколог мамандар алғашқы неке түні қыздық перденің болмауы қалыпты жағдай екені айтады.

Бойжеткеннің жас мөлшеріне қарай қыздық перденің бірнеше түрі болады. Пәктік кейде алғашқы бала туылғанда алынады екен.

Сондықтан мамандар алғашқы неке түнінен бұрын жастардың гинеколог маманмен кеңесу керектігін айтуда.