Источник: nur.kz

Ресейдің Старый Оскол қаласындағы №24-ші мектептің төртінші сынып оқушылары науқастанған сыныптастарына ота жасайтын ақша жинау үшін бір жылға мерекелік сыйлықтардан бас тартқан. Бұл туралы lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Дертке шалдыққан балаға қандай диагноз қойылғаны белгісіз. Қаржы жинау үшін оқу орнында арнайы жәрмеңке ұйымдастырылған. Оған мұғалімдер мен оқшылардың ата-аналары қатысқан.

Оқушылардың біреуі қомақты ақша сомасын алып келген. Бұл мұғалімдерінде күдік тудырған. Нәтижесінде баланың көптен бері велосипед алу үшін жинаған ақшасын алып келгені анықталған.

"Балалар тіпті науқас сыныптастарының үй тапсырмасын орындай бастаған. Мысалы, тақтаға шығып жатқа өлең айтып, бағаларын алғаннан кейін олар науқас сыныптастары үшін басқа өлеңді де жатқа айтқан", — делінген материалда.