Источник: nur.kz

Танымал әнші Нұржан Керменбаев NURTV.KZ-тің "Клип Show" атты жаңадан ашылған бағдарламасына келіп, Сара Амангелдімен түсірген "Кешірдім" атты клипіне байланысты пікір білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Әнші аталмыш әннің бейнебаяны Түркия елінде түсірілгенін айтты.

"Бұл бейнебаян "Доғар" деген клиптің жалғасы. Сол клипте Түркияға кетіп қалған қызды іздеп тапқандай қылып түсірдік. Бұл Кападокия қаласы.

Клиптегі шарлар таңғы уақытта ғана ұшады. Таң ата бастағанда, шарлар да ұшырылады.

Таң атуға 30 минут қалғанда, біз де жұмысқа кірістік. Кападокияда клипті екі күн түсірдік", — деген әнші өзіне дуэт айтатын адамды қалай таңдайтынын айтты.

"Мен дуэт айтатын адамды арнайы таңдамаймын. Өзі жолығады. Маған көп ұсыныс түседі. Алғашқыда өзім барып ұсыныс айтатынмын. Білмеймін, әндерді дуэт ретінде көріп тұрамын. Маған дуэт айтқан ұнайды", — деді Нұржан Керменбаев.

Естеріңізге сала кетейік, Нұржан Керменбаевтың әндерін біздің "Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар.