Источник: nur.kz

Маржан Арапбаева үшінші сәбиін дүниеге алып келді деп жазады NUR.KZ.

Бұл қуанышты жаңалықпен журналист Анна Данченко Instagram парақшасында бөліскен.

Желі қолданушыларының барлығы отандық әншінің бұл жаңалығына қуанып, ақ тілектерін жаудырған.

"Бауы берік болсын", "Ұл ма? Қыз ба?", "Керемет! Бәрімізге ана болу бақытын нәсіп етсін".

"Сәбидің ғұмыры ұзақ болсын", "Қандай керемет", "Бізге де осындай бақытты нәсіп етсін" деп жарыса жазды.

Айта кетейік, әнші дүниеге қыз баланы алып келген.

Естеріңізге сала кетейік, Маржан Арапбаеваның әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.