Источник: nur.kz

Ресей Федерациясының Қостанай облысымен шектесіп жатқан Магнитогорск қаласында көп қабатты үй құлап, 79 адам із-түзсіз жоғалып кетті деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Аталмыш үйде 110 адамның тұрақты тіркеуі бар. Алайда үйден үш тірі адам мен үш өлі денені алып шыққан.

Аман қалғандар ер мен әйел жағдайларының тұрақты екенін айтқан. Ал кішкентай бала хирургия бөлімінде ем алуда.

Желтоқсанның 30-нан 31-не қараған күні Магнитогорскіде көп қабатты үй опырылып түскен. Қазіргі мәліметтер бойынша, оқыс оқиға газ жарылуынан болған.