Источник: nur.kz

Балерина әрі модель Инесса Джозеф өз атын күллі әлемге енді ғана танытып келе жатқан ару. Мінсіз мүсінді бойжеткеннің танымалдылығы күн сайын артып келеді. Ол жақын арада ғаламшардың ең үздік сахналары мен ең мықты деп танылған басылымдардың басты беттерінде жүретініне нық сенімдә деп жазады bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Талдырмаш мүсінді ару әлеуметтік желінің арқасында қалың көпшілікке таныла бастады. Ол өзінің парақшасына асқан иілгіштігін паш етіп, еш жерде қайталанбас суреттерді жүктеп жүр.

Санаулы ай ішінде Инессаға тіркелушілер саны артып, оның аудиториясы сұлулықты жақсы көретін жандардан бөлек, кәсіби мамандармен де толыққан. Сән саласының шеберлері бойжеткенмен келісімшарт жасасып, оны әлемге танытуға ниетті екеінн айтқан.