Источник: nur.kz

Британдық Woodford Medical медицина орталығының косметологы мен дерматологы дәрігер Мерин Паттерсон жуылмаған шарф денсаулыққа зиянын тигізуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Дәрігерлердің сөзінше, жүйелі жуылмаған шарф тері порларының бітелуіне, иекте, мойында, арқада, кеуде де безеулердің пайда болуына әкелуі мүмкін.

Паттерсонның сөзінше, шарфты күнделікті өзге киімдер сияқты жиі жуып тұру керек.

"Егер сіз деңізге жабысып тұратын киімді жумай екінші қайтара кисеңіз, ода қалған тер мен киімнің үнемі теріңізбен жанасып тұруынан безеу пайда болуы ықтимал", — дейді ол.