Источник: nur.kz

Нұржан Керменбаев отбасына қатысты жағымсыз пікір жазған егде жастағы оқырмандарына реніш білдірді. Әнші анасымен жасты адамдардың өз жанұясына тіл тигізіп жатқанын айтып, оларды орнына қойды деп жазады NUR.KZ.

Отбасын демалуға басқа елге алып кеткен Нұржан Керменбаев өз оқырмандарына өкпелі екен. Өйткені, әншінің жанұясымен түскен суретіне өзінен әлдеқайда үлкен адамдар жағымсыз пікір қалдырыпты.

Өзіне аға-әпкедей болатын жандардың бұл қылығына қатты ашуланған эстрада жұлдызы оларды желіде сынап тастады.

Ол Instagram парақшасында отбасын сөккен желі қолданушыларына жазба арнады.

"Мен келіншегімнің түрін тыққан жоқпын. Ханшайымым суретті өзі таңдады. Кейбір анамдай жасы бар адамдар аузына келгенін жазып жатқан кезде, ішім удай ашиды. Қазақ десең өзіңе тиеді. Көреалмаушылықты қойып ,іштей маған да жұғысты болсын деп ниет етіп қойсаңыздаршы. Алла ниеттенгеніңізден де асырып берсін. Барлығы ниеттен басталады" , — деп жазған әнші.

Естеріңізге сала кетейік, Нұржан Керменбаевтың әндерін біздің "Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар!