Источник: nur.kz

Белгілі ақын Рүстем Қайыртайұлы ұлттық арнадағы Жайдарман ойыншыларын сынға алды. Әзілкештердің дөрекілігі ақынның шамына тиген деп жазады NUR.KZ.

Рүстем Қайыртайұлы ойыншыларға деген пікірін өзінің Instagram парақшасында жазып, бұған ұлттық арнаны құлақ түруге шақырған.

"Ұлттық арна. Жайдарман. Бір-біріне тек "ей, ей, ей" деп сөйлейтін өңшең дөрекі КВНшылар. Күлмейсің, жылайсың. Осы постты жазып отырғанда жеті рет "Е", "Ей" дегенді естіп үлгердім. Сұмдық-ай!!! @kaztrk_kz @kaztrk_kz құлақ түріңіз, сенбесеңіз!", — деп жазды ақын.

Желі қолданушыларының бір тобы ақынның бұл пікірін қолдаса, енді бірі "ей" деген қаратпа сөз екенін, сондықтан одан аса бір кірбің іздеудің қажеті жоқ екенін жазуда.