Источник: nur.kz

Forbes журналы Ютюбтегі ең көп табыс табатын видеоблогерлердің тізімін жасап шығарған. Көшбасына жеті жастағы Райан есімді бала орналасыпты. Оның бір жылдық табысы 22 миллион долларды құраған деп хабарлайды Офигенно сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Райанның видеоблогы «Ryan ToysReview» деп аталады. Оның 17 миллион тіркелушісі бар және видеолары 26 миллиард рет көрілген екен.

Әкесі оған Ютюб-арнасын 2015-ші жылы ашып берген екен. Содан бері балақай үнемі онда өзінің видеоларын жүктеп отырады екен.

Видео арна ашуды Райанның өзі қалаған екен. Бірде ол әкесінен неге басқа балалар сияқты өз блогы жоқ екенін сұрапты. Сөйтіп, қамқор әкесі бірден баланың тілегін орындапты.

Енді әкесі баласының барлық қызықтарын видеоға түсіріп отырады екен. Бірақ ұлының арнасындағы видеолардың басым бөлігі ойыншықтарға сипаттама мен баға беруге және кішкентай видеоблогердің оларды көргендегі әсері жайында.

Оның арнасын көбінесі тура сондай ойыншық алғысы келетін балалар көреді. Райанның арнасы не себепті соншалықты танымал болғаны белгісіз. Бәлкім, бәрі баланың сезімталдығы мен әртістік қабілеттеріне байланысты шығар?

Райанның өзі жетістігін:"Мен сүйкімді және қызықтымын" деп түсіндірді.

Райанның ата-анасы ойыншықтарды таныстарына және қайырымдылық қорларына таратады екен. Кішкентай жұлдыздың ата-аналары видеоларды бала өзі болды демегенше түсіретіндіктерін жеткізді.