Источник: nur.kz

Гитхорн ауылын қазір барлығы Голландиялық Венеция деп атайды. Нидерландыдағы ауыл 7,5 шақырымды қамтитын су арналарының маңында орналасқан. Ал жалпы елді мекеннің негізі 1230 жылы қаланған. Бұл туралы bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Мұнда негізгі көлік құралы қайықтар мен электрлі қозғалтқыштары бар катерлер болаып табылады. Олардың дыбыссыз жүруі ауылды шудан сақтап, тыныштық орнатады.

Жалпы алғанда үйлер кішкентай аралдарда орналасып, бір-бірімен ағаш көпір арқылы жалғасқан.

Гитхорн өзінде қарапайым тас жолдардың жоқ болғанымен туристердің қызығушылғын тудырып келеді.

Ауылды 60-жылдары режиссер Берт Ханстр өз фильмінде көрсеткен соң мұнда келушілердің саны артқан.

Гитхорнның жалпы ұзындығы алты шақырымды құрайды. Ал тұрғындар саны — 2620.