Источник: nur.kz

Әлеуметтік желі қолданушылары Мәскеу метросында ұйықтап қалған екі жігіттің суретін қызу талқылауда. Фото авторы Дмитрий Марков деп хабарлайды kaktus.media-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фотограф суретке Renaissance деген атау берген. Кадрда жұмыстан кейін қажып, шаршаған қырғыз азаматтары бейнелеген.

Ал желі қолданушылары аталмыш фото үйінен жырақта жүрген қырғыз еңбек мигранттарының бүгінгі жай-күйін дөп басып, бейнелеп беретін кадр екенін алға тартуда.

Әртүрлі дереккөздің мәліметінше, бүгінде Қазақстан мен Ресейде 720 мыңнан 1 млн-ға дейін қырғыз азаматтары бар. Бұл деген әрбір еңбекке қабілетті үшінші қырғызстандық еңбек мигранты болып жұмыс істейтінін көрсетеді екен.