Источник: nur.kz

Өткен ғасырдың 90 жылдарында халық арасында Сары әулие атымен танылған Марат қажы Есенбаевтың әнші Жанар Айжановамен туыс екені анықталды деп жазады NUR.KZ.

Танымал емшінің өзіне туысқан екенін әнші желіге салған суреті арқылы білдірді.

"Айжұлдызым нағашы ағасымен", — деп жазды Жанар Айжанова.

Бұндай тосын сыйға таңырқаған желі қолданушылары түрлі пікірін жаудырды.

Бірі Марат қажы Есенбаевтың әншіге қай жағынан туысы болып келетінін біле алмай жатса, енді бірі бұның қара пияр екенін жазуда.