Источник: nur.kz

Нәзік жанылдардың дені некесін сақтап қалу мақсатында жан жарына опасыздық жасап, көзіне шөп салатын болып шықты. Мұндай таң қаларлық тоқтамға Миссури штатының ғалымдары келген. Бұл туралы NUR.KZ порталы krasotka.postimees.ee сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Профессор Алисия Уокер бір жыл бойы әріптестерімен бірге әйелдердің арасында сауалнама жүргізген. Ол күйеуінің көзіне шөп салғыш әйелдерді сұрақтың астына алады.

24-65 жастағы нәзік жандылардың дені опасыздыққа некесін сақтап қалу мақсатында барғандарын алға тартқан. Олар күйеуі сексуалдық тұрғыдан қанағаттандырмағандықтан, бұл мәселені көңілдес табу арқылы шешуді жөн санапты.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98