Источник: nur.kz

Былтырғы жылы актер Бауыржан Сатовқа тұрмысқа шыққан Альбина Шардарованың видеосын көрген желі қолданушылары жас әншіні жүкті деп болжады. Дубайда демалып жүрген жас жұбайларды желідегілер жарыса құттықтауда деп жазады NUR.KZ.

Альбина Шардароваға желідегілер ақ тілегін жаудырып, жарыса бақыт тілеуде.

"Бақытты болыңыз", "Жүкті екенсіз ғой", "Аяғыңыз ауыр екен ғой", "Құтты болсын",

"Ұл босанатын сияқтысыз ғой", "Қандай керемет", "Аман-есен босанып алыңыз".

"Өте әдемі болып кетіпсіз", "Сәбиіңізді бауырыңызға басуыңызға тілектеспін" деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, Альбина Шардарова отандық актер Бауыржан Сатовқа тұрмысқа шыққан болатын.

Алайда желі қолданушылары жұлдызды жұптардың бұрын да бір рет отбасылы болғандарын жарыса жазды.