Источник: nur.kz

Дағыстанның астанасы Махачкала қаласында көшеден өтіп бара жатқан екі ер адам бесінші қабаттан құлаған қызды құтқарып қалды деп хабарлайды fakty.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Автобус жүргізушісі Тагир Магомедов пен көлік компаниясының диспетчері Айдемир түстеніп жұмыстарына қайтып бара жатқан шағында тұрғын үйдің терезесінде салбырап тұрған қыз баланы байқаған.

Бес жастағы Айшаның ата-анасы үйде болмапты. Әкесі жұмыста, ал анасы дүкенге шығып кеткен екен.

Ер адамдар дер кезінде келіп үлгерген. Олар Айшаны жерге құлауын бәсеңдеткен. Соның арқасында балақай жеңіл жарақаттармен құтылды.

Ал құтқарушылардың біреуінің екі қол буыны да шығып кеткен. Себебі баланың салмағы 17 келі.

Қызды құтқарған сәт сыртқы бақылау камералары түсіріп алған.