Источник: nur.kz

Желі де асқан танымалдылыққа ие болған егіз қазақ қыздары кезекті ерекше фотосессиясымен елді таңғалдырды. Бойжеткендердің өзара ұқсастығы мен сұлулығына тәнті болған оқырмандар оларға өзінің оң пікірін қарша жаудырған деп жазады NUR.KZ.

Егіздерді ұзақ уақыт бойы ажырата алмаған көпшілік енді кімнің кім екенін бірден айта алатын болды. Оған егіз сыңарының жүкті болуы себепкер болған.

Аяғы ауыр әпкесімен арнайы фотосессия жасаған ару көпшілік жүрегін елжіретті. Бойжеткендердің суреттері желідегілерге ерекше әсер сыйлаған. Оқырмандар өзінің тәнті болғанын жасыра алмай, егіздерге деген тілектерін жарыса білдірген.