Источник: nur.kz

21 жастағы бразилиялық Паола Антонини көлік апатына ұшырап, аяғынан айырылған. Алайда тағдырдың ауыр сынағына мойымаған ару өмірге деген құлшынысын қайта оятқан екен. Бүгінде бойжеткеннің Instagram парақшасын 2,5 миллионнан аса адам оқиды деп жазады NUR.KZ.

Паола денесінің бір мүшесінен 2014 жылы айырылған. Дәл жаңа жыл мерекесі қарсаңында оны мас көлік жүргізуші қағып кетіпті.

Оқиға салдарынан сәнқойдың аяғы төрт жағынан бірдей сынған.

Ақ халаттылар қанша тырысқанымен, бойжеткеннің аяғын сақтап қала алмай, оны тізесіне дейін кесуге мәжбүр болыпты.

Қайтадан жүруді үйренген ару екінші отадан соң амалсыздан бір аяғын түгел кестіріп тастаған.

Аяғынан айырылса да, өмірімен қош айтыспаған Паола күш-жігерін қайта жинап, жан-жағына махаббатпен қарай бастаған.

"Бақытсыз болуды емес. Аман қалғаныма шүкіршілік етіп, әрі қарай өмір сүруді таңдадым", — дейді ол.

Оставить комментарий

Вы должны авторизоваться для отправки комментария.