Источник: nur.kz

Youtube желісінде Майкл Джексонның стильінде билеген құрылысшы жігіттің видеосы тарауда. Желі қолданушылары қарапайым жұмысшының талантына таңдай қаққан деп жазады NUR.KZ.

Көпшіліктің көңілінен шыққан бейнежазбаның қайда және қашан түсірілгені белгісіз. Алайда желідегілер бұл жігітті құрылыста адасып жүрген нағыз дарынға бағалауда.

"Жарайсың", "Мына құрылысшы өзіне керек жер де жұмыс істеп жүрген жоқ", "Мен қарапайым қытайлық жұмысшының биін көріп таңғалып отырым", "Супер", деп жұрт оң пікірлерін жаудыруда.