Источник: nur.kz

"Ринго" тобының әншісі Батыр Байназаров пен "Аюми" тобының бұрынғы әншісі Әсел Жамақаева сәбилі болды деп жазады NUR.KZ.

Бұл қуанышты жаңалықты көпшілікке "Ринго" тобының продюсері Алуа Қонарова жеткізген.

"Біздің продакшнде адам саны тағы бір адамға артты. Аллаға шүкір. Толығырақ айтпай-ақ қояйын. Батыр барлығын айтуды ұнатпайды. Болашақта барлығын бәлетін боласыздар. Бауы берік болсын", — деп жазы Қонарова.

Айта кетейік, жұлдызды жұптың нәрестесінің ұл немесе қыз екені әзірге белгісіз.

Естеріңізге сала кетейік, "Ринго" тобының әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.