Источник: nur.kz

Айжан Байзақова өзінің түнгі клубта ер адаммен төбелесіп қалғаны жөнінде айтып берді. Бейтаныс жігіт атышулы аруға балағат сөздер жаудырған. Басынан өткен бұл жағдайды отандық блогер "TalkLike" бағдарламасына берген сұхбатында жеткізді деп жазады NUR.KZ.

Атышулы бойжеткен өзіне белгісіз ер адамның қол көтегенін ашып айтты.

"Соңғы төблестер түнгі клубтарда болған. Былтыр жүкті болмаған кезімде Алматыдағы танымал клубта бір жігітпен төбелескенмін. Ол сәтті тіпті көпшілік видеоға түсіріп, желіге жүктеді. Алайда, ол оқиға кейіннен ұмыт болды. Мен түнгі клубтан шығып бара жатқанымда бейтнаыс жігіт маған боғауыз сөз айтты. Мен оған бұрылдым да, оны жерге құлатып жібердім. Екеуміз кәдімгідей төбелестік. Ол мені басымнан соқты. Бәрі видеоға түсірген, бірақ ұмытылып қалды" , — деді Байзақова.

Оған қоса, ару өзінің өмірінде қыздармен төбелесіп көрмегенін жеткізді.

Оставить комментарий

Вы должны авторизоваться для отправки комментария.