Источник: nur.kz

Бағлан Әбдірайымов үш рет инсульт алған анасын ауруханадан алып шықты. Әнші қуанышты жаңалығымен Instagram парақшасында бөліскен деп жазады NUR.KZ.

" Ассалаумағалейкум бауырлар! Алланың қалауымен халықтың батасын алып, алты айды артқа тастадық. Енді түк болмағандай жадырап, отбасымызға жүргелі тұрмыз. Алла қаласа, тойға келесіздер", — дейді Бағлан Әбдірайымов.

Айта кетейік, әнші анасының ауыр жағдайы жайлы жазба жариялап көпті жылатқан болатын.

Артынша өнер иесі анасының үш рет инсульт алғандықтан, ұзақ емделуді қажет ететінін айтты.

Сондай-ақ ол өзінің казино ойындарына құмар болып, қарызға белшесінен батқанын да мойындады.

Естеріңізге сала кетейік, Бағлан Әбдірайымовтың әндерін біздің "Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар.