Источник: nur.kz

Қазақ жігітіне ғашық болып, үлкен махаббатпен тұрмыс құрған орыс қызы өзінің бұл ісіне өкініп қалған. Мұсылмандықты қабылдап, ата-енесіне күнде сәлем салған келіншектің күйеуі жұбайының көзіне шөп салған деп жазады NUR.KZ.

"Тым жас кезімде тұрмысқа шықтым. Бірінші курс студенті едім. Сол уақытта қазақ жігітіне ессіз ғашық болып қалдым.

Сол үшін мұсылмандықты қабылдап, қазақ тілінде еркін сөйлеуді үйрендім. Ата-енеммен 10 жыл бірге тұрып, күнде таңертең сәлем де салдым. Күйеуім үйдің кенжесі еді.

Үйімізден қонақ арылмайтынына қарамастан, "шаршадым" деп шағымданбадым. Бәріне үлгеріп жүріп киім дүкендерін аштым. Күйеуім аяқтан тұрып кетуіме көмектесті.

Осы жылдар ішінде балаларымыз өмірге келіп үлгерді. Алайда бұл бақытымыз ұзаққа созылмады. Бір күні күйеуімнің іссапарға кетіп, менімен жасты күйеуге тимеген қызбен кездесіп жүргенін білдім.

Қазіргі уақытта бес баламыз бар. Менің күйеуіме деген ренішім, өкпем қара қазандай. Күйеуімді баламен тоқтата алмайтынымды түсіндім. Енді әрі қарай не боларын білмеймін", — деген келіншек Аstana_forum2017 парақшасында жан сырын ақтарған.