Источник: nur.kz

Атырауда 9-шы сынып оқушысы 40 жастағы азаматпен телефон арқылы некелескен. Ересек адамның арбауына түскен қыздың әрекетінен ата-анасы хабарсыз деп жазады "Өз ойым" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

15 жастағы бойжеткеннің сөздерінше, ер адам бұл жайында жақындарына айтпауға көндірген.

"Маған "Анама айтудың", "Ата-ананың рұқсат болуы, куәгер болуы" қажет еместігін айтты. Сөйтіп анама айтпай, некемді қидырдым. Ешкімнің сөзіне құлақ асқан жоқпын. Кейінірек сабаққа баруды да доғардым. Есімнің бәрі сол адамда болды", — дейді көз жасына ерік берген Назира.

Ал бағдарлама жүргізушілерінің айтуынша, 40 жастағы ер адамның қызығы басылғанда Нәзираны телефон арқылы талақ айтып тастап кетіпті.

Бұл ақпаратты естіген "Ырыскелді" мешітінің наиб-имамы Естай Әбдіғалиев неке қиюдың шарттарын көпшілікке түсіндіре кетті.

"Неке қию шарттары бар. Оны барлық имамдар уағыздарында түсіндіреді. Неке қиюдың ең маңыздысы "халыққа жариялау". Яғни куәгерлер керек. Қазір ҚМБД тарапынан жас жұбайлардың ата-аналары, туған-туыс, бауырлары болуы керектігі айтылады", — деп сөзін түйіндеді наиб-имам.