Источник: nur.kz

Алматыда дәрігерлер ісік салдарынан мұрнынан айырылған 17 жастағы қызға толыққанды өмір сыйлады деп хабарлайды КТК арнасы.

Алмагүл Жолдасова бала күніне бері бетін маскамен жауып жүруге мәжбүр болған. Себебі, ол қатерлі ісік салдарынан өз мұрнынан айырылып қалған. Енді екі күрделі отадан соң дәрігерлер оның зақымданған перделерін қалыпқа келтіру мүмкіндігіне ие болды.

"Маған қатты ұнайды. Мен тәжірибе алмасқым келеді.Өз тігін шеберханамды ашқым келеді. Анама көмектессем деймін. Жаңа жылды сұлу қыз болып қарсы алатын болдым", — деді Алмагүл Жолдасова.

Дәрігерлердің сөзінше, ота сәтті өткен. Ал қазақстандық хирургтарға оңтүстік кореялық әріптестері кеңес беріп отырыпты.

Қазір қыз ота нәтижесіне көңілі толғанын айтады. Алдағы уақытта ол біраз уақыт дәрігерлер қарауында болуы керек.

"Ота 3-4 сағатқа жалғасты. Бұл өте ауыр ота және мұндай оталар Қазақстанда жасалмайды. Науқас нәтижеге риза. Қазір адамдармен еркін сөйлесіп, күле алады. Енді шетелге шықпай-ақ, Қазақстанда ота жасау мүмкіндігі бар", — деді пластикалық хирург Мұхаммед Шбаир.