Источник: nur.kz

Тайвань базарларында балық сатып "ең сұлу сатушы" атанған бойжеткен желіде тараған суреті мен видеосының арқасында әп сәтте жұлдызға айналды. Бұл туралы life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Әлеуметтік желідегі посттрдың бірінде бойжеткеннің балықты жылдам тазалап, кезектегі адамдарға сатып жатқаны жазылған.

Бірақ жұрт назары қыздың балықты тазалағанына емес, оның сұлулығына түскен көрінеді.

"Анашым, енді базарға балық алуға үнемі сенімен бірге барамын", — деп жазыпты бір желі қолданушысы.

Қыз бала әлеуметтік желінің жұлдызына айналған кезде жергілікті тілшілер оның сатушы емес, модель және биші екенін анықтаған. Әдетте балықты анасы сатады екен.

"Ең әдем сатушының" есімі — Лиу Пэньпэнь. Әлеуметтік желіде оның 60 мың оқырманы бар екен.