Источник: nur.kz

Әлемнің үздік ғалымдарын біріктірген зерттеу тобы көп жылдардан кейінгі ізденіс нәтижесіне сүйеніп Альцгеймер ауруының туындау себебін анықтады. Жұмыстың қорытындысы Neuron ғылыми журналында жарияланған. segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ғалымдар мыңға жуық адамның миына зерттеу жүргізді.Адамдардың 30 пайызы Альцгеймер ауруына ұшықтың асқынуынан душар болады екен.

Дегенмен бұл тұжырымды ғалымдардың барлығы дерлік құптамайтын болып шықты. Тәжірибелі мамандар өзара бір шешімге әлі де келе алмай отыр.

«Кейбір отбасыларда бұл ауруларды үнемі дамытатын мутациясы бар. Сондықтан бұл туралы нақты пікір айту өте қиын» , — деп мәлімдеді Лондон университетінің генетика профессоры Джон Харди .