Источник: nur.kz

Ұлыбританияның Манчестер университетінің ғалымдары фастфуд өнімдерін жақсы көретін адамдардың өзгелермен салыстырғанде торығуға 40 пайызға жиі шалдығатынын анықтаған. Бұл туралы КорреспонденТ сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Мамандар зерттеуді талдай келе, торығу мен тамақтану арасындағы байланысты анықтаған.

Құрамында көміртектер мен майлардың көп мөлшері бар фастфуд пен басқа да зиянды тағамдарды көп жейтін адамдардың торығуға шалдығуы 1,4 есе көп болғаны анықталған.

Ғалымдардың мәліметінше, құрамында жасұнық пен пайдалы заттары көп тағамдар психологиялық ауытқуларды азайтады.