Источник: nur.kz

Ақтау қаласында бірнеше ит талап тастаған ер адам алған жарақаттарынан көз жұмды. Марқұмның аты-жөні әлі анықталмаған деп жазады lada.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Оқиға 20 қаңтар күні болған. Полиция қызметкерлері таңғы 04:36-да шақырту алып, Маңғыстау облыстық аураханасына итке таланған, тұрғылықты мекенжайы жоқ азамат келіп түскен.

Науқас қансырау салдарынан қабылдау бөлімінде көз жұмыпты. Дереккөздердің айтуынша, ер адам гараж кооперативтер аумағына кіріп кеткен.

"Алдын ала болжам бойынша, ер азамат жекеменшік аймаққа кірген кезде оны иттер талап тастаған", — деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Ақтау қаласының полиция департаменті аталмыш фактіні тіркеді. Істің мән-жайы анықталып жатыр.